Халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындарды тек қана алдын ала бронмен қабылдайтын болды

Халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындарды тек қана алдын ала бронмен қабылдайтын болды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» хабарлады.

Қаулыға сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген санитарлық-профилактикалық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Жұмыс уақыты дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Сондай-ақ ХҚКО-ның қызметкерлері Ashyq-тың көмегімен клиенттердің мәртебесін де тексереді.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ермек Бекжүнісов: «Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz порталын пайдалана алады немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу қажет. ХҚКО-ға міндетті түрде бетперде тағып кіруі тиіс. Арақашықтықты сақтау үшін белгілер 1,5-2 метр аралықта сызылған. Әрбір ХҚКО-да санитайзерлер бар», – деді.