NIS оқушысына әлемнің 7 елінің университеттері грант ұсынды
NIS оқушысына әлемнің 7 елінің университеттері грант ұсынды
602
оқылды

Елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (NIS) түлегі Қазыбек Тоқтаровты Қазақстан, Италия, АҚШ, Гонк Конг, Финляндия, Нидерланд және Корея университеттері өз студенттерінің қатарынан көргісі келетінін хабарлаған.

Италияның Padua, Tor Vergata, Messina университеттері, Гонк Конгтың Hong Kong Baptist университеті, Финляндияның Lappeenranta University of Technology, Нидерландының Maastricht, Кореяның Gwangju Institute of Science and Technology және Қазақстанның КАЗГЮУ университеттері Қазыбекке толық білім грантын тағайындаса, АҚШ жоғары оқу орындары жартылай грант ұсынып отыр. Қазыбек – республикалық, халықаралық олимпиадалар, жобалық байқаулар мен конференциялардың жеңімпазы. Оның Smart yurt, Smart park, жел генераторларының жаңартылған жүйесі және т. б. өнертабыстарына авторлық куәлігі мен патенті бар. – Мен Сomputer science бағыты бойынша білім алуды жоспарлап отырмын. Жоғары оқу орындарын таңдаған кезде мен өз бағытымдағы бағдарламалардың тиімділігі мен бірегейлігіне назар аудардым. Мектепте музыкамен белсенді айналыстым. Зияткерлік мектептің әнұранын орындап, мектептің бас ер вокалисті болдым. Еco club-тың, мектеп оркестрінің мүшесі болдым, түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға қатыстым, – дейді жас зияткер. Мектептен тыс уақытта Қазыбек Тоқтаров халықаралық ІТ компаниясында бір жылдан аса жұмыс жасаған. Сондай-ақ, ол -Kazakhstan Speedcubing Федерациясының негізін қалаушыларының бірі.