Қайын әпкесін өлтірді деген күдікпен 29 жастағы келіншек ұсталды
Қайын әпкесін өлтірді деген күдікпен 29 жастағы келіншек ұсталды
Фото: yandex.kz
295
оқылды

Оқиға Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында болған. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

6 шілде күні түнгі сағат 3:00 шамасында Жамбыл аудандық полиция басқармасына жер үй өртеніп, ішінен 37 жастағы әйелдің денесі табылғаны жөнінде хабар түсті. 27 жастағы көршісі түн ішінде оянып, өртеніп жатқан үйге көмекке жүгірген. Ер адам жанып жатқан үйден кәмелет жасына толмаған 3 баланы және әйел адамды алып шыққан.

«Тергеу кезінде өрттен құтқарылған 29 жастағы әйел адам өлтірді деген күдікке ілінді. Ол өзінің қайын әпкесін өлтіріп, үйді өртегенін мойындады. Айтуынша, ол қылмыс жасаған соң үйге бензин құйып, өзін де, балаларды да өртеп жібермек болған», – деді полицей.

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті 29 жастағы әйел қамауға алынды.