Астанада карантин төртінші рет күшейтіледі
Астанада карантин төртінші рет күшейтіледі
Фото: glavk.net
169
оқылды

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің ресми сайты мониторинг топтар күшейтілген режимде карантин талабын қадағалайтынын хабарлады.

Ashyq жобасына кірген нысандарда да бақылау қатаңдатылған. Атап айтқанда, жабық саяжайлар мен аквапарктер, оның ішінде бассейндер, қалалық саяжайлар, даладағы аквапарктер, серуендеуге суда жүзетін кемелердің (теплоход, катер, қайық, катамаран, су скутері және т.б.), кинотеатрлардың жұмысына тыйым салынады. Түнгі клубтардың Ashyq жобасы аясында жұмыс істеуіне тыйым салынғандықтан, олар да жұмыс істемейді. Ashyq жобасынсыз жұмыс істейтін жазғы алаңдар демалыс күндері жұмыс істемейді. Демалыс күні қоғамдық көліктер жүрмейді. Сонымен қатар орналасқан жеріне қарамастан, мейрамхана, дәмхана, кофейня үлгісіндегі қоғамдық тамақтану нысандарына (Ashyq жобасына қатыспайтын) жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріледі және сенбі, демалыс күндері жабық болады. Даладағы тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сенбі және жексенбіде штатты режимде тапсырысты жеткізіп беруге ғана рұқсат. Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарына ғимараттың ішінде жұмыс күндері сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілмек. Бірақ сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Даладағы тамақтану орындарына апта бойы сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесі әлі қарастырылып жатыр.