Кувейтте аптап ыстықтан ауа температурасы 50 градусқа дейін көтерілген
Кувейтте аптап ыстықтан ауа температурасы 50 градусқа дейін көтерілген
©islam.kz
359
оқылды
Шілдеде Кувейттегі ауа температурасы Таяу Шығыс елдері үшін рекордты болды, деп жазады 24.kz.  Сынап бағанасы көлеңкеде 53,3 градусқа дейін көтерілген. Al Rai газетінің хабарлауынша, Әмірліктегі бұл жаз соңғы 70 жылдағы ең ыстық мезгілге айналған. Аптап ыстыққа байланысты Кувейттің бірнеше аймағының билігі халықты электр қуатын үнемдеуге, сондай-ақ, үйлер мен кеңселердегі ескі кондиционерлерді ауыстыруға шақырды. Ыстық салдарынан көшелердегі бағдаршам балқып түсіп, жеңіл көліктердің пластик бөліктері еріп жатқаны туралы хабарламалар жалған болып шықты.  width= Фото: life.ru Кувейт елшілігі елде ауа температурасы қазір 50 градус шамасында екенін айтты. Сонымен бірге, балқыған машиналармен фотосурет 2018 жылы АҚШ-тың Аризона штатындағы өрттен кейін түсірілген. Ал, балқыған бағдаршамдар 2013 жылы Кувейттегі апаттан кейін әлеуметтік желілерде жарияланған.