Жиырма жастағы қызды қаққан көлік жүргізушісі сотталды

Жиырма жастағы қызды қаққан көлік жүргізушісі сотталды

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты биыл 26 қаңтар күні Өтепов көшесінде болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов: «Volkswagen Polo көлігінің жүргізуші М.А.Голотовский Өтепов көшесі бойымен батыс бағытта жүріп келе жатып шамамен 21:00-де жол ережесін бұзды. Ауа райының қолайсыздығына мән бермеді. Жылдамдықты төмендетпеді. Соның салдарынан 2000 жылы туған С. есімді қызды қағып кетті. Жарақат алған бойжеткен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Алған жарақатынан қайтыс болды, – деді. Сот М.А.Голотовскийді ҚК-тің 345-бабы 3-бөліміне сәйкес кінәлі деп таныды. Ол 1,6 жылға бас бостандығынан және көлік құралдарын басқару құқығынан бес жылға айырылды.

Бұған дейін автобус жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазған болатынбыз.