«Жұмысқа тұрғызамын»: 651 мың теңге алған алаяқ ұсталды

«Жұмысқа тұрғызамын»: 651 мың теңге алған алаяқ ұсталды

Полиция басқармасы тұрғынның өтініші бойынша 26 жастағы азаматшаға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдікті бір кәсіпорынға жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп, 651 мың теңге алған.

Бұған дейін мемлекеттік бағдарламамен үй аламын деп ақшасыз қалған тұрғын туралы жазған болатынбыз.