Қызылордада мешіттен садақаға арналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды.
9 шілде күні қала орталығында орналасқан мешіттердің бір имамы Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласып, көмек сұраған.Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Оның айтуынша, біреулер терезені сындырып, мешітке кіріп, садақа жәшігінен ақша ұрлап әкеткен. Тіпті, пластикалық терезедегі темір торды бұзып тастаған.