Өрт сөндірушілер жеткенше, полицей балабақшадағы 25 баланы өрттен аман-есен алып шықты
Өрт сөндірушілер жеткенше, полицей балабақшадағы 25 баланы өрттен аман-есен алып шықты
Фото: polisia.kz
232
оқылды

Полицияға Шымкент қаласы Абай ауданында «Аяулым» балабақшасы өртеніп жатыр» деген хабарлама түскен.

Оқиға орнына учаскелік полицей жылдам жетті. Polisia.kz-тің жазуынша, өртенген үйдің жанында балабақша орналасқан. Полицей келгенде алапат өрт жалыны балабақшаға қарай ойысқан. Абай АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Тимур Құрмашев өртке оранған үйге бірнеше рет кіріп, зардап шеккен адамдарды бірінен соң бірін сыртқа шығарды. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем келгенше полицей балабақшадағы 25 баланы өрттен аман алып шықты.

Полицей Тимур Құрмашев: «Үйдің шатырынан өрт шығып жатқанын көріп, адамдарды құтқару керек деп ойладым. Өртеніп жатқан үй балабақшаға жақын орналасқандықтан, ең алдымен, балаларды қауіпсіз жерге көшірдім», – деді.

Өрттен аман қалған тұрғындар полицейдің ерлігіне тәнті болып, алғыс айтты.