Олимпиада чемпионы атанған боксшыға мемлекет беретін қаржыдан бөлек 100 мың доллар беріледі
Олимпиада чемпионы атанған боксшыға мемлекет беретін қаржыдан бөлек 100 мың доллар беріледі
Фото: olympic.kz
212
оқылды

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Токио Олимпиадасынан жүлдемен оралған боксшыларға қомақты сыйақы тағайындады. Бұл туралы Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.  

Боксшыларды жаттықтырған бапкерлер де сыйақысыз қалмайды. Чемпион атанған боксшының жеке бапкеріне – 25 мың доллар, күміс жүлдегердің бапкеріне – 15 мың доллар, қола жүлдегердің бапкеріне – 10 мың доллардан үлестіріледі.