Токио Олимпиадасына келген ауыр атлет жоғалып кетті
Токио Олимпиадасына келген ауыр атлет жоғалып кетті
Фото: prosports.kz
224
оқылды
Токио ойындарына жарысқа келген угандалық ауыр атлет Юлиус Ссекитолеко із-түзсіз жоғалып кетті, – деп жазады vesti.kz. Олимпиада астанасынан 500 шақырым жердегі Идзумисано қаласында өз командасымен бірге қосалқы құрамда жаттығып жүрген Юлиус 67 келіде сынға түсуі тиіс еді.
20 жастағы спортшы COVID-19 тестін тапсыруы тиіс болған. Алайда тестке жауапты адам Юлиусты бөлмесінен таппаған.
Inside The Games басылымының мәліметінше, спортшының жоғалғанын командаластары да растап отыр. Қазіргі таңда полиция африкалықты іздеу жұмыстарына көшті.