Қазақстанда күн 40 градусқа дейін ысиды
Қазақстанда күн 40 градусқа дейін ысиды
Фото: imag.one
333
оқылды

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап болады. Фронтальды ағындардың ықпалынан өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады.

21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыста антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. «Батыста ауа температурасы түнде +20+25 градус, күндіз +33+41 градус, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18 градус, күндіз термометрдің бағандары +23+35 градус, солтүстік-батыста түнде +12+25, күндіз +25+40 градус, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21, күндіз +25+35 градусты көрсетеді, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С, +30+40 градус» делінген хабарламада.