Басқарма басшысы 33 500 доллар жымқырды деген күдікпен ұсталды
Басқарма басшысы 33 500 доллар жымқырды деген күдікпен ұсталды
Фото: kapital.kz
176
оқылды

Тергеуді Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары жүргізіп жатыр.

Басқарма басшысы ЖШС-ны нысан құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп «таныған». Сатып алу шартының құны 666 млн теңге болса, соның 15%-ын, алдын ала келісілген 90 млн теңгеден 33 500 АҚШ доллар жымқырды деген күдікке ілінді. Ал нысан «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа салынған.

«Лауазымды тұлға, мердігер ұйымның құрылтайшысы мен директоры аса ірі көлемде пара алуға қатысты деген күдікпен ұсталып, Алматы облысының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын мәселесі талқыланып жатыр. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық кодекстің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды» делінген ресми хабарламада.