«Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесі шілде айындағы «Ел тірегі – Елбасы» акциясының қорытындысын шығарды
«Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесі шілде айындағы «Ел тірегі – Елбасы» акциясының қорытындысын шығарды
170
оқылды

Көрсетілген көмектің жалпы көлемі 500 миллион теңгеден асты. Азық-түлік себеттерін қор бұрын көмек көрсеткен мұқтаж отбасылар алды.

«Ел тірегі – Елбасы» акциясы – бұл әлеуметті маңызды қайырымдылық бастама, оның аясында елдің барлық аймақтарында жүйелі түрде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар  балалар өсіріп отырған отбасыларға азық-түлік көмегі көрсетіледі. Біз отандастарымыздың өмірін жақсы жаққа өзгерте отырып, игі істер жасауға тырысамыз. «Халық» қайырымдылық қоры мұқтаж азаматтарды азық-түлікпен қолдау арқылы адамдарға өз қаражаттарын балаларының және отбасыларының басқа шұғыл қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік береді. Азық-түлік себеттерінің таратылуы облыс әкімдіктері ұсынған тізімдерге сәйкес еріктілер жүзеге асырды. «Ел ​​тірегі – Елбасы» акциясын еліміздің танымал кәсіпкерлері мен компанияларының қолдауы жақсы дәстүрге айналып үлгерді: Қайрат Боранбаев – «Алмалы» холдингі, Диас Сулейменов, Кеңес Ракишев, «Аяла» қайырымдылық қоры, Eurasian Resourses Group холдингі және «Қазақмыс» корпорациясы демеу көрсетті. «Біз шілде айындағы ауқымды акцияның қорытындысын шығардық, соның арқасында біз 20 000 отбасына көмектесе алдық. Біз «Ел тірегі –Елбасы» акциясының барлық қатысушыларына қосқан үлесі мен көмегі үшін алғысымызды білдіреміз! «Халық» қоры қолдау көрсеткен қайырымдылық жасаушыларға алғыс білдіреді. «Халық» қорының акциясы Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының шынайы күшін көрсетті. Қордың бастамасын кезекті рет қолдаған еріктілерге ерекше алғыс айтқымыз келеді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біздің ортақ әлеміміз құрылып жатыр – бұл күн сайын азғана мейірімді және жақсара түсетін әлем. Осылай әрі қарай жақсылықты бірге жасай берейік, өйткені тек бәріміз біріге отырып бір-бірімізге көмектесе аламыз!» – деді «Халық» ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Динара Құлыбаева.