Қазақстанда күн 44 градусқа дейін ысиды
Қазақстанда күн 44 градусқа дейін ысиды
Фото: yandex.kz
216
оқылды

Екі-үш күнде ауа райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронтальды ағынның әсерінен жаңбыр жауады. 23 шілде күні шығыста, 23-24 шілдеде батыста найзағай ойнап, екпінді жел соғады, кей жерде бұршақ жауып, дауыл тұрса, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасы күндіз солтүстік пен орталықта 30-38 градусқа дейін, оңтүстікте 37-44 градусқа көтеріледі. Елдің оңтүстік-шығысында 33-42 градус ыстық болады.

Тек қана еліміздің батысында ауа температурасы 33-41 градус ыстықтан 25-33 градусқа дейін төмендейді.