Токио – 2020: Дзюдодан Қазақстан спортшыларының қарсыласы белгілі болды
Қазақстан спортшыларының алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды деп хабарлады Olympic.kz.
Әйелдер
48 келі Рио Олимпиадасының жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің бірінші айналымдағы қарсыласы – қытайлық Ли Ю.
Ерлер
60 келі Елдос Сметов Олимпиада ойындарын екінші айналымнан бастайды. Сметовтің қарсыласы – М. Аққұс (Түркия)/Намгел Нгаванг (Бутан) жұбының жеңімпазы болмақ.
66 келі Ерлан Серікжановтың Токио татамиіндегі алғашқы қарсыласы – әзірбайжандық Орхан Сафаров.
73 келі Жансай Смағұлов Олимпиададағы алғашқы кезеңде армениялық Фердинанд Карапетянмен кездеседі.
81 келі Дидар Хамза Токио ойындарындағы бірінші белдесудегі қарсыласы – моңғолиялық Саид Моллаи.
90 келі Ислам Бозбаев Олимпиада ойындарындағы алғашқы айналымда әзірбайжандық Мамедәлі Мехдиевпен белдеседі.