Қазақстандық спортшы ширек финалға шықты – Токио-2020

Қазақстандық спортшы ширек финалға шықты – Токио-2020

Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарында алғашқылардың бірі болып қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Академиялық есуден Владислав Яковлев алғашқы кезеңге қатысып, іріктеуде үшінші орыннан көрінді. Жарыстың қорытындысы бойынша Яковлев 7:10.08 нәтиже көрсетіп, ширек финалға шықты. Жалпы қорытындыда бірінші орынды Сверре Нильсен (Дания), екінші орынды Дженнаро Альберто ди Мауро (Италия) иеленді. Есушілер арасындағы финалдық жарыс 30 шілдеде өтеді.

Е.Ерқоңыр