Полицияның мәліметінше, оқиға 23 шілде күні болған.
31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынының медициналық сараптамадан соң мас болғаны анықталды. 2 әкімшілік хаттама толтырылды.«Ер адам Көкшетау – Қызылорда бағытындағы пойызға кешігіп келеді. Асыққан жолаушы вагонға қарай жанталасып, жүгіріп, жылжып жүріп бара жатқан пойыздың есігін қағады. Полицейлердің ескертуін елемеді. Абайсызда аяғы тайып кетіп, пойыз бен платформа арасындағы саңылауға түсіп кетті. Машинист шұғыл тежегішті басып үлгерді. Тәртіп сақшылары жолаушыны пойыздың астынан шығарып алды», – деді полицей.
Пойыз 3 минут кешігіп, бағыты бойынша қайта жолға шықты.