English for Jastar жобасы алғаш рет 2018 жылы Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы аясында іске асырылатын үштілділікті енгізу жөніндегі ауқымды бағдарламаны қолдау үшін іске қосылды.
Бұл жоба оқушыларға ағылшын тілінің деңгейін көтеруге және олардың қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға бағытталған. Nur-Sultan baspasy ұсынған ұзақтығы 6 ай факультативтік курстардың бірінші кезеңінде көпбалалы отбасылардан шыққан 11 бала оқып жатыр. Жобаның басты мақсаты – жас буынға қолжетімді сапалы біліммен қамтамасыз етуге үлес қосу. Оқушыларға ағылшын тілін меңгеруге көмектесу. Оқуды бастау үшін оқушылар бірнеше кезеңнен өтті:- Балалар ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау тестін тапсырды.
- Ағылшын тілі деңгейіне және жасына сәйкес балаларды топтарға бөлу.
- Бос уақытын ескере отырып, сабақ кестесін құру.
- Оқушыларға ағылшын тілінен тегін оқулықтар берілді.
Ағылшын тілін оқыту халықаралық стандарттар бойынша өтеді. Курсты тәмамдаған оқушыларға сертификат беріледі.