Телефонды аяқкиімге жасырып, абақтыға өткізбек болған 23 жастағы қыз ұсталды
Телефонды аяқкиімге жасырып, абақтыға өткізбек болған 23 жастағы қыз ұсталды
Фото: polisia.kz
252
оқылды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 тергеу абақтысына 23 жастағы қыз аяқкиімге телефон жасырып, өткізуге тырысты. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Талдықорған қаласының ЛА-155/16 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыға 23 жастағы бойжеткен L8star маркалы ұялы телефонын және SIM-картасын бермек болған. Абақтының қырағы қызметкерлері телефонды тәркіледі.    width=

Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов: «Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы материалдар жиналды», – деп атап өтті.