Алматы облысында карантинді пайдаланып, пара алғандар ұсталды
Алматы облысында карантинді пайдаланып, пара алғандар ұсталды
Фото: caspianlife.kz
170
оқылды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналы хабарлады.

Бөлім басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, ақша алған. Коронавируспен күресу үшін адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен жаппай сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік жауапқа тартпау үшін жүйелі түрде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алған.

Мейрамхананың пара берген 5 әкімшісі қылмыстық жауапқа тартылады. Лауазымды адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.