Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: news.myseldon.com
289
оқылды

Полицияның ресми мәліметінше, Аягүл Мантайдың өз-өзіне қол салу дерегі Жетісай аудандық полиция бөлімшесінде тіркелді.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«Полицейлер қажетті іс-шараларды атқаруда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады», – деді полицейлер.

Аягүл Мантай Түркістан облысы Мақтарал ауданы Байқоныс ауылында дүниеге келген. 2009 жылы «Жаңбырлы көктем», «Жүрекке оралу» жинағының авторы. «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. 2010 жылы Әдебиет номинациясы бойынша Президент стипендиясының иегері атанған.