Азғындау
Азғындау
315
оқылды
Теледидар төріне кеп бір мықтың, Неше түрін терді кеше сұмдықтың; Сүтіңізден сүт таба алмай, Сондай-ақ етіңізден ет таба алмай дүрлікті үн.   Бір бәсеке жете ме, – деп домалап, Басы қатқан жұмыртқаға обал-ақ. Тауық орнын тартып алған тапқыштар Жасайды екен оны қолдан жобалап.   Толысатын тоқ дәріге сүйеп іш, Тауығың да тауық емес, түйеқұс. Табан қазы беріп жатыр. Бір рет көрмесе де жайылатын бие өріс.   Сары майың – сары уайым. Шұжығың шұқыласаң шығарады қызығын; Көн қағаздан тартады екен оны да, Қоспалардың құйып қою қызылын.   Дүкендерде босап қалған кіл қорап, Мықтағанда тоятын ас бір қонақ. Жент орнына желбіретіп желімді, Қант орнына сатар бір күн құмды орап....   О басында жаратқанды адал ғып, Ойсыратқан осыншалақ қадам нық. Ақтың өзін арамдаса, Соны еткен адамнан да табам, – деме, – адамдық.  

Абзал БӨКЕН