Қазақстанда ауа температурасы 43 градусқа дейін ысиды
Қазақстанда ауа температурасы 43 градусқа дейін ысиды
Фото: yandex.kz
246
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Ираннан келетін ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарына әсер етеді.

Сондықтан өңірлерде әлі де өте қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы – 35-40 градус, кей жерлерде 43°С-қа дейін ысиды. Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді және ауа температурасы аздап төмендейді.

Күндіз солтүстік, орталық пен шығыста ауа температурасы 23-33°С аралығында болады.