Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика, дәлірек айтқанда биікке секіру бойынша екі спортшы алтын медаль алды.
1912 жылдан бері алғаш рет Олимпиадада жеңіл атлетикадан алтын жүлдені екі спортшы қатар алды. Тарихи оқиға ерлер арасында биікке секіру бойынша тіркелді. Италия атлеті Джанмарко Тамбери мен катарлық Эсса Баршим 2,37 метр биікке секіріп, бірдей нәтиже көрсетті. Кейіннен төреші спортшыларға қосымша секіру арқылы өзара үздікті анықтауға болатынын айтқан. Бірақ Баршим төрешіге жүгініп, алтынды екеуара бөлісуді сұраған. Ақылдасқан төрешілер тең жағдай деп жариялап, екеуін де Олимпиада ойындарының чемпионы деп атау жөнінде шешім қабылдады. Осылайша, биіктікке секіру секторында 4 жүлдегер анықталды.Айбике ЖАНАСЫЛ