Серік Сәпиев спортшылардың Олимпиадада жеңілгені үшін кім жауап беретінін айтты
Серік Сәпиев спортшылардың Олимпиадада жеңілгені үшін кім жауап беретінін айтты
Серік Сәпиев. Фото: Кt.kz
5,354
оқылды

Токио Олимпиадасындағы төмен нәтиже үшін бас бапкерлер жауапты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Олимпиададағы нашар нәтиже үшін әр жаттықтырушыға шара қолданылатынын айтты.

«Әр жарыстан кейін бізде талқылау, кеңейтілген жиналыс өткізіледі. Әрине, осы Олимпиададан кейін де бұл нәтиженің себептері анықталады. Содан кейін ғана қандай шаралар қабылдау керек екенін шешеміз. Егер қателер жіберілсе немесе нәтиже болмаса, шара қабылдаймыз. Жоғарыда айтып өткенімдей, алдын ала қорытынды жасамай-ақ қояйық. Әлі басқа да спорт түрлері бар. Нашар нәтижелер үшін әр спорт бойынша бас жаттықтырушылар жауапты болады. Біз оларға дайындықты сеніп тапсырамыз. Сондықтан бас жаттықтырушылардан талап етіп, тиісті шаралар қабылдаймыз. Олимпиада әлі өтіп жатыр. Спортшыларымызға қолдау көрсетейік. Біз әлі нәтиже көрсетеміз», - деді Серік Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зулфия Чиншанло қола медаль иеленді.