Каноэ есуден әйелдер арасында 200 м қашықтық бойынша іріктеу кезеңі өтті. Бұл жарысқа қазақстандық Маргарита Торлопова қатысты.
Іріктеу кезеңінде тиісті қашықтықты 49, 721 уақытта бағындырған ол ширек финалға жолдама алды.
Айта кетерлігі, топта І-ІІ орын алғандар жартылай финалға шығады. Жарыста соңғы төрт орынға ие болғандар ширек финалға жолдама алды. Отандасымыз Маргарита Торлопова өз тобында жетінші болды.