Қазақстанда азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғалу деңгейі нашарлады. Қазақстан The Legatum prosperity index 2020 жариялаған рейтингте 167 елдің ішінен 81-орынға тұрақтады. 2019 жылы 76-орында болған.
Рейтинг азаматтардың тыныштығын бұзатын соғыс, қақтығыс, террор және түрлі қылмыс әсеріне байланысты құрылды.
Сөйтіп әлемдегі ең қауіпсіз елдер қатарынан Швейцария, Норвегия және Люксембург көрінді. Ал қауіпті ел Оңтүстік Судан екені анықталды.
[caption id="attachment_154543" align="alignnone" width="730"] Фото: Кabar.kg[/caption]
Рейтингте адамдар үшін қауіпсіздік бойынша Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Түркіменстан, Беларусь, Молдова елдері Қазақстаннан озды. Ал Тәжікстан, Әзербайжан, Ресей және Украина елдері Қазақстаннан да төмен көрсеткішке ие болды.
Азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғалу деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингі, 2020 жыл
Орын
Ел
1
Швейцария
2
Норвегия
3
Люксембург
4
Австрия
5
Исландия
6
Гонконг
7
Жапония
8
Тайвань, Қытай
9
Сингапур
10
Дания
52
Өзбекстан
63
Армения
64
Түркменстан
69
Беларусь
71
Қырғызстан
75
Молдова
81
Қазақстан
83
Тәжікстан
89
Әзербайжан
140
Ресей
144
Украина
165
Сирия
166
Ауғанстан
167
Оңтүстік Судан
Айта кетейік, Қазақстан The Legatum prosperity-дің әл-ауқат индексінің жалпы рейтингінде 62-орында тұр. 2010 жылдан бастап Қазақстан рейтинг кестесінде 18 орынға көтерілді. Қазақстан әлеуметтік капитал мен білім беру саласында неғұрлым жоғары көрсеткішке көтерілсе де, азаматтардың бостандығы жөнінен әлсіз.