Спортшы басының қауіпсіздігі үшін Токиодан Варшаваға Австрия арқылы келді. Тимановскаяға Польша билігі гуманитарлық виза рәсімдеді.
Мұндай мүмкіндік атлеттің Беларусьтен бас сауғалап келген күйеуіне де беріледі.
Бұған дейін спортшы Беларусь құрамасының басшылығын әлеуметтік желіде сынаған болатын. Себебі, бапкерлері оны дайындалған 200 метрге емес, 400 метр қашықтыққа жүгіру жарысына алдын ала келіспестен ауыстырып жіберген.