Белгісіз біреу пойыз жолаушыларын пышақтап, 4 адам ауруханаға түскен
Белгісіз біреу пойыз жолаушыларын пышақтап, 4 адам ауруханаға түскен
Фото: Zakon.kz
204
оқылды
Токиода жұма күні ер адам пойыз жолаушыларына пышақпен шабуыл жасап, кейін белгісіз бағытқа қашып кеткен, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Телеарнаның мәліметінше, оқиға ел астанасындағы Сэтагая ауданындағы «Одакю» теміржол тармағында болған. Куәгерлердің айтуынша, пойыз жолаушыларының бірі кенеттен пышақ алып шығып көрінгенге сілтей бастаған, артынша аялдамалардың бірінде жүгірген күйі пойыздан шығып кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан төрт адам зардап шеккен, олар ес-түссіз халде. Қазіргі уақытта полиция ер адамды іздестіруде.