«Nur Otan» партиясының филиалдарына Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Ә.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің директоры Р.Ибраева мектеп ауласына, Жамбыл облысының Жамбыл, Жуалы ауданы тұрғындары көшелеріне асфальт төсеуге өтініш білдірді.
Өтініш берушінің мәселесімен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық, Еңбекші аудандық филиалы толыққанды танысып шықты. Мәселені қарай келе, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Рашкүл Жәлелқызының демеушілігімен №2 жалпы орта мектебінің ауласына жалпы сомасы 4 000 000 теңге, ал Жамбыл, Жуалы аудандары бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында көшелерге 57 млн. 186 мың теңге қарастырылып, асфальт төселетін болып шешілді.