Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін 2 арнайы тікұшақ пен 16 құтқарушы жіберді
Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін 2 арнайы тікұшақ пен 16 құтқарушы жіберді
382
оқылды
Қазақстан Түркияға өрт сөндіретін 2 арнайы тікұшақ пен 16 құтқарушы жіберді. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ екі тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберді», – деді ол.
 width=Бүгін ұшып шыққан Қазақстан тікұшақтары үш мемлекетте аялдап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына жетеді. Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салды.  width=
«Құтқарушыларымыздың жергілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі үйлестіреді. Қазақстан өртенген аумақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті. Отырғызылған орман қазақ және түрік халықтарының арасындағы достық пен бауырластық байланыстардың символы болады», – деді Талғат Уәли.
 width=Анадолы агенттігі Түркияда 28 шілде мен 6 тамыз аралығында болған 208 орман өртінің 196-сы ауыздықталғанын хабарлаған еді.  width=

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі