Алакөлде гидроцикл қаққан ер адам көз жұмды

Алакөлде гидроцикл қаққан ер адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл демалыс орнында гидроцикл қаққан 40 жастағы ер адам көз жұмды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 тамыз күні 27 жастағы әйел гидроциклмен адамды қаққан. Түркістан облысының тұрғыны қауіпсіздік ережесін бұзып, рөлді басқара алмай қалған.

- 40 жастағы семейлік азамат сол жерде бірден жантәсілім етті. Оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Үржар аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалған.