Әр қазақстандықтың денсаулығы үшін 4 мың теңге: медицинаға қай өңір қанша қаржы бөлді?
Әр қазақстандықтың денсаулығы үшін 4 мың теңге: медицинаға қай өңір қанша қаржы бөлді?
Фото: Inform.kz
499
оқылды

Биыл бірінші жартыжылдықта денсаулық сақтауға бөлінген жергілікті бюджеттің шығыны бір жылда бірден 15,2%-ға (83,6 млрд. теңге) қысқарды.

Ал 2020 жылы бірінші жартыжылдықта жергілікті бюджеттің шығыны бір жыл ішінде 79,2%-ға өсіп, 98,6 млрд. теңге болған.

Биыл жергілікті бюджет шығындарындағы денсаулық сақтау саласының үлесі 2,3%-ға жетті, ал бір жыл бұрын 3% болған.  width= Өңірлер арасында денсаулық сақтау саласына ең көп қаржы бөлген - Алматы (15,7 млрд. теңге). Бұл - бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 3,1%-ға көп. Денсаулық сақтауға көп қаржы бөлген өңірлердің үштігінде Қарағанды мен Жамбыл облыстары да бар. Екі өңір де 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында денсаулық сақтауға 8,1 млрд. теңге бөлген. Бірақ бір жыл бұрынғы бюджетпен салыстырғанда ең көп өсім Жамбыл облысында байқалған (51,6%), ал Қарағанды облысы денсаулық сақтауға биыл 17,2% артық ақша бөлген. Ал денсаулық сақтау саласына ең аз қаржы бөлген өңірлер қатарында Ақмола (1,6 млрд. тг.), Маңғыстау (2,2 млрд. тг.) және Солтүстік Қазақстан (2,3 млрд. тг.) бар. Finprom.kz сарапшыларының есептеуінше, Қазақстанның бір тұрғынына орташа есеппен 4,4 мың теңге жұмсалған. Көшбасшылар қатарында Алматы (бір адамға 7,9 мың тг.), Жамбыл облысы (7,1 мың тг.) және Қарағанды облысы (5,9 мың тг.) бар. Ақмола облысында бір адамға шаққанда ең аз шығын — 2,2 мың теңге.

Денсаулық сақтауға бөлінген жергілікті бюджет шығыны (қаңтар - маусым, млрд. тг.)

2021/06

2020/06

Өсім

Қазақстан

83,6

98,6

-15,2%

Алматы қ.

15,7

15,3

3,1%

Қарағанды

8,1

6,9

17,2%

Жамбыл

8,1

5,3

51,6%

Алматы

6,7

5,4

23,7%

Түркістан

6,7

5,7

16,1%

Нұр-сұлтан қ.

5,8

10,2

-42,8%

Шымкент қ.

4,4

10,1

-56,1%

ШҚО

4,3

9,8

-56,3%

Павлодар

3,5

3,6

-4,9%

Қызылорда

3,4

3,8

-11,7%

Қостанай

3,3

3,4

-5,1%

Ақтөбе

2,6

5,7

-55,3%

БҚО

2,5

2

23,8%

Атырау

2,4

3,9

-36,7%

СҚО

2,3

1,8

32,9%

Маңғыстау

2,2

2,4

-7,8%

Ақмола

1,6

3,1

-48,8%

Еске сала кетейік, вакцинациядан өткен халық саны бойынша Алматы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастап тұр.