ҰБТ-да Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа біреу кірген — заңгер
ҰБТ-да Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа біреу кірген — заңгер
630
оқылды

Танымал заңгер Абзал Құспанның мәліметінше, сатирик Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кірген. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазды, — деп хабарлайды "Азаттық Рухы". 

Абзал Құспан аталған ақпаратты сенімді дереккөзден алғанын айтып отыр. Тіпті, қылмыстық іс те қозғалыпты.
«13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан. Алдында Тұрсынбектің қызы сәуір, мамыр айларында бірнеше рет тест тапсырып, төмен балл (60 балға жетпеген) жинаған. Қызы астанадағы ең үздік деп танылған мектепті Алтын белгіге бітірген. Тестілеуге кіру барысында барлық тестіленушілер Тұрсынбектің қызының орнына басқа тұлғаның жалған құжатпен кіргеніне куә болған. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, алайда Тұрсынбектің қызы құтылып кетеді деп отырмыз. Өйткені жалған құжатты дайындаған адамды ғана кінәлі деп танып отыр», - делінген заңгердің парақшасындағы жазбада.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.