Теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады

Теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстан теннис федерациясы кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңар­тылған рейтингті жария­лағанын хабарлады.

Аталған федерация мәлім­дегендей, отандық теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 39-дан 38-ге, Михаил Кукушкин 131-ден 129-орынға жылжыса, Дмитрий Попко 181-ден 176-ға көтерілді. Ал жұптық сында  теннис­шілер өз орындарын сақтап қалды. Қазір Андрей Голубев 36-сатыда, А.Бублик 49-сатыда, Александр Недовесов 84-сатыда тұр.

           А.ЖОЛДАС