Нұр-Сұлтандық алаяқ кәсіпкерлерге «айыппұл салды»
Нұр-Сұлтандық алаяқ кәсіпкерлерге «айыппұл салды»
© сурет:24kz
413
оқылды
Елордалық кәсіпкерлерді алдаған алаяқты полицейлер ұстады, – деп хабарлайды zakon.kz қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 24 жастағы қала тұрғыны офис қызметкерлерін арбап, аз уақыт ішінде 3 жеке фирманы алдаған. Кәсіпкерлер оның сөзіне сеніп, «айыппұл» төлеген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқ ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктінің елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.