Талибандықтар түскі асты дәмді әзірлей алмаған әйелді тірідей өртеп жіберген
Талибандықтар түскі асты дәмді әзірлей алмаған әйелді тірідей өртеп жіберген
© stena.ee
251
оқылды
"Талибан" қозғалысының өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстанның солтүстік аймағында "түскі асты дәмсіз жасады" деген айыппен жас келіншекті тірідей өртеп жіберген. Бұл туралы Sky News эфирінде құқық қорғаушы, бұрынғы судья Наджла Аюби айтты, - деп хабарлайды The New York Post. Аюбидің айтуынша, жас келіншек содырларға тамақ дайындауға мәжбүр болған, бірақ оның аспаздық шеберлігі содырларға ұнамай қалыпты. Әйелге "нашар тамақ жасады" деп айып тағып,  тірідей өртеп жіберген. Америка Құрама Штаттарына қашып кеткен құқық қорғаушы қазіргі уақытта Ауғанстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен өлтіру деректерін жинап, жариялаумен айналысып жүр. Сонымен қатар Наджла Аюби талибандықтардың әйелдерді құлдыққа алып кетіп жатқанын хабарлаған. Айтуынша, содырлар қыз-келіншектерді Ауғанстанға көршілес елдерге табытқа салып, жіберіп жатқан көрінеді. Бұдан бұрын «Талибан» командирлері өздері жаулап алған аудандардың басшыларынан  өздерінің сарбаздарына күштеп тұрмысқа беру үшін тұрмыс құрмаған әйелдер мен қыздардың тізімін талап еткен. Бұрын 15-45 жастағылар тізімге іліксе, қазіргі кезде 12 жасар қыздар да құлдыққа түсіп жатыр.