«Бұл нақты дерек»: дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қызға диагноз қойды
«Бұл нақты дерек»: дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қызға диагноз қойды
© сурет интернеттен
482
оқылды
Қытайдың астанасы Бейжің қаласынан келген 17 жастағы қызда жаңа коронавирус жоқ. Алайда дәрігерлер  вирустың басқа түрін анықтады. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзіне қарағанда, жас қыздың ағзасынан Гонконг тұмауы табылды. «Ол қызда H3N2 штамы бар тұмау анықтады. Бұл – нақты дерек», – деді Бекшин журналистерге берген сұхбатында. Микробиологиялық классификация бойынша Гонконг тұмауы H3N2 болып белгіленеді және әлем бойынша қауіпті вирустардың санатына жатады. Бас кезінде осы вирус құстар арасында тараған, артынан адамдарға жұға бастады. Айта кетейік, 28 қаңтарда Қазақстанға Қытайдан төрт адам ұшып келді. Барлығын бірден өткір респираторлық вирусты инфекция бар деген күдікпен ауруханаға жатқызды. Олардың ішінде 17 жастағы қыз да болды. Оның дене температурасы көтеріліп тұрған. Бүгінде Қазақстанда Қытайдан келген азаматтарға бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды. Әуежайда дене қызуы өлшенеді, дәрігерлер инкубациялық кезең ішінде пациенттерге қоңырау шалып, қал-жағдайын бақылайды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 35 адам бөлек боксқа жатқызылды. Олардың ішінде 22 адамда өткір респираторлық вирусты инфекция анықталса, төртеуінде – тұмау, біреуінде тұмау мен паратұмау, яғни аралас инфекция бар болып шықты. Осылайша, 27 пациентте маусымдық инфекция анықталып отыр. Ал қалған 8 адам және ауруханаға жатқызылған басқа да азаматтардан сынама алынып, Алматыдағы Айқымбаев атындағы ерекше қаупі бар инфекциялар ұлттық ғылыми-зерттеу орталығында қосымша тест бақылауға жіберілді.