Нұрсұлтан Назарбаев Қоры аутизммен ауыратын балалар үшін тағы да 8 заманауи орталық ашады – Байбек
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры аутизммен ауыратын балалар үшін тағы да 8 заманауи орталық ашады – Байбек
286
оқылды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа оқу жылы қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен бірге «Болашақ» корпоративтік қоры елімізде алғаш рет инклюзияны қолдау кабинетін ашқан елордадағы «Қыз Жібек» балабақшасында болды.

«Болашақ» қоры Қамқоршылық Кеңесінің құрметті мүшесінің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 160 мыңнан астам ерекше білім алуға қажеттіліктері бар бала бар, оның ішінде 35 мың бала аутизммен ауырады. Сондықтан биыл құрылғанына 10 жыл толып отырған қор жұмысының негізгі бағыттарының бірі «Әр бала мектепке баруға лайықты» инклюзивтік білім беруді дамыту жобасы болып табылады.
Байбек

«Осы жылдар ішінде болашақтықтардың ықыласпен атқарған ізгі ісінің арқасында өңірлерде 59 мамандандырылған оңалту мекемесі ашылып, жабдықталды. Оның ішінде 22 қалада 43 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Ерекше білім алуға қажеттілігі бар 2 мыңнан астам бала қамтылды, оның ішінде 600 бала үйде білім алудан шығарылды. Инклюзивтік білім беру саласында 420 жаңа біліктілігі жоғары жұмыс орны ашылды. 2 мың маман мен ата-ана арнайы дәріс алды. Мемлекет деңгейінде жүйелі түрде шешу үшін қор заңнама актілеріне 70-тен астам ұсыным мен түзетулер енгізді», – деді Бауыржан Байбек. 

БайбекСонымен бірге ол «Болашақ» қорының сарапшылары Нұрсұлтан Назарбаев Қорына тұрақты түрде консультативтік қолдау көрсететінін атап өтті. Өткен жылы қордың 8 өңірде 16 инклюзияны қолдау кабинетін ашуы, сондай-ақ, келесі жылдың соңына дейін аутизммен ауыратын және басқа да ментальды ауытқулары бар балалар үшін соңғы үлгідегі үздік технологияларды ендіре отырып, тағы да 8 заманауи еңселі орталық салуды жоспарлауы маңызды қадам болды.
Байбек

«Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бұдан 7 жыл бұрын бастамашы болған «Кедергісіз келешек» жобасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы басымдықтарының бірі болып табылады. «Барша балаға – тең мүмкіндіктер» қағидатын іске асыра отырып, 2025 жылға дейін колледждер мен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың 70%-нде инклюзивтік білім беруді ендіру жөнінде міндет қойылды», – деп атап өтті партия Төрағасының Бірінші орынбасары. 

Бұдан бөлек, партия оңалту орталықтарының санын ұлғайтуға және ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық және коррекциялық қолдау бойынша мемлекеттік тапсырысты ендіруге қол жеткізбек. Асыраушысынан айрылған балалар бір мезгілде мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылуы бойынша 2 жәрдемақы алатын болады. Сонымен бірге ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін кәмелеттік жасқа толғаннан кейін тұрғын үйге кезегінің үзілмеуі де қамтамасыз етіледі.
байбек
Жалпы, сайлауалды міндеттемелер аясында таяудағы 5 жылда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тағы да 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жалғастырылады. Жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамаған жұмыс берушілер үшін өтемақы төлемдері енгізіліп, ол ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жұмыс орындарын ашуға бағытталады.

«Nur Otan» мақсаты айқын, нақты істер партиясы ретінде өз сайлауалды уәделерінің барлығын іске асыруды қамтамасыз етеді. Бұл үшін партия Лидерінің тапсырмасы бойынша бүгінде бұған қажетті бүкіл партиялық инфрақұрылым жаңаша жолға қойылды: жауапты депутаттар мен басшылар нақты бекітіле отырып, 217 жол картасы іске асырылып жатыр, 12 мыңнан астам белсенді азаматтың қатысуымен 1,7 мыңнан астам қоғамдық кеңестердің өңірлік жүйесі құрылды және т.б. Таяу уақытта сайлауалды бағдарлама мен азаматтар аманаттарының орындалу сапасын тексеру үшін жергілікті жерлерде тиісті көшпелі кездесулер өткізіледі», – деп түйіндеді Бауыржан Байбек.