Жапониялық Кейко Сугиура Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында әйелдер арасындағы C1-3 жарысында ең жасы үлкен алтын жүлдегері атанды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Сугиураның Fuji International Sppedway-де уақыты 25 минут 55,76 секундты көрсетіп, 1996 жылы Атланта қаласындағы Паралимпиада ойындарындағы 46 жастағы Такио Ушикубоның рекордын жаңартты.
Ол сондай-ақ Паралимпиада ойындарында алтын жеңіп алған бірінші велосипедші және жалпы есепте төртінші спортшы болды.
Сугиура денесінің оң жағы сал ауруына шалдыққан, сондай-ақ 45 жасында веложарыс кезінде құлап, есте сақтау қабілеті бұзылған.