Әкімдік ғимаратынан құрал-жабдық ұрлаған ұры ұсталды
Әкімдік ғимаратынан құрал-жабдық ұрлаған ұры ұсталды
Фото: news.myseldon.com
199
оқылды

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Бұланды ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлықты әшкереледі.

22 маусымда полиция бөліміне Бұланды ауданының білім беру бөлімінің өкілі шағымданды. Ол 21 маусым күні Макинск қаласында белгісіз адам әкімдік ғимаратынан абоненттік станцияның антеннасын ұрлағанын хабарлады. Шығын сомасы – 56,5 мың теңге.

Полицейлер бұрын ұрлық үшін сотталған 36 жастағы тұрғынды ұстады. Ер адам ұрлық жасағанын мойындады. Ол ұрлаған мүлікті сатқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.