Сенат депутаттары бір күндік жалақысын Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге аударды
Сенат депутаттары бір күндік жалақысын Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге аударды
Фото: inbusiness.kz
216
оқылды

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі жиында айтты.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған апат қабырғамызды қайыстырды. Бүгінде Президенттің тапсырмасымен жарылыс салдарынан қаза болған азаматтардың отбасына және зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіліп жатыр. Осыған орай, Сенат депутаттарының бір күндік жалақысын зардап шеккендерді қолдауға арналған қорға аудару туралы ұсыныс бар. Қарсылық жоқ болса, осы ұсынысты қабылдаймыз. Аппарат тиісті жұмысты ұйымдастырады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Бұған дейін Жамбыл облысында болған жарылыстан қайтыс болған азаматтардың отбасына 15 миллион теңгеден берілетінін жазған болатынбыз.