Оралда мектепте кварцтан оқушылардың көзіне зақым келді
Оралда мектепте кварцтан оқушылардың көзіне зақым келді
Фото: krivoyrog.prom.ua
452
оқылды

Басқарманың баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың мәліметінше, оқиға 4 қыркүйек күні №3 орта мектепте болды.

«Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 8 оқушы жүгінген. Сондай-ақ 2 балаға жедел жәрдем көлігі шақырылған. Барлығы 10 баланың көзіне зақым келген. Оларға көздің қасаң қабығының жеңіл дәрежедегі күйігі деген диагноз қойылды», – деді басқарма өкілі.

Облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, мектепте 3 қыркүйек күні бақылаудың болмауына байланысты 2-ауысымда оқитын 7-сынып оқушылары үзіліс кезінде бактериацидтік шамды рұқсатсыз қосып, зақым алған, – деп жазды іnform.kz.

«4 қыркүйек күні оқушылар көзінің ауруына байланысты шағымданған. Барлық бала дәрігерлік тексеруден өтті. Жағдайлары қалыпты. Осы оқиғаға байланысты барлық білім беру мекемелеріне қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алу тапсырылды», – деп хабарлады Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ата-аналар полицияға шағымданбаған.