39 жыл бойы комада жатқан франциялық футболшы көз жұмды
39 жыл бойы комада жатқан франциялық футболшы көз жұмды
245
оқылды
Франциялық футболшы Жан-Пьер Адамс 39 жыл комадан кейін 73 жасында қайтыс болды, деп жазады Vesti.kz. Адамс 1982 жылы, 34 жасында Лион қаласында емханада тізесіне операциядан кейін ес-түссіз күйге түскен. Бұған себеп операция алдындағы анестезиолог қателігі. Анестезиолог сол күні бірден сегіз операцияға қатысып, дозаны шатастырып алған. Одан бөлек, Жан-Пьерге жауапты тәжірибе өтіп жүрген жас студент болған. Ол анестезологтың қателігін түзей алмаған. Футболшы бір сағаттан кейін оянуы керек болған. Студент футболшының жағдайы нашарлап бара жатқанын байқамаған. Сол күні Францияда дәрігерлердің шеруі болып, көптеген білікті мамандар жұмысқа шықпаған. Осының салдарынан спортшы комаға түскен. Жан-Пьер Адамс 1948 жылы Дакар (Сенегал) қаласында дүниеге келіп, 1972 және 1976 жылдар аралығында Франция құрамасы сапында 22 кездесу өткізген. Сонымен қатар, ол "Пари Сен-Жермен" үшін 41 кездесуге қатысқан. Негізі Адам карьерасының басым бөлігін "Ницца" клубында өткізген.