Ажырасқан әйел жасауын, күйеуі қалыңмалын сот арқылы қайтарып алды
Ажырасқан әйел жасауын, күйеуі қалыңмалын сот арқылы қайтарып алды
Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz
225
оқылды

Ерлі-зайыптылар ажырасып, әйел бұрын төркіні апарған жасауын, ер адам берген қалыңмалын қайтаруды талап етті, – деп жазады Sputnik Қазақстан.

Сотқа, ең алдымен әйел арызданды. Ол некеде біраз уақыт болған. Кейін ажырасып, төркініне оралған соң тұрғылықты жері бойынша Теміртау қалалық сотына салт-дәстүр бойынша неке қию кезінде жасау ретінде берілген дүние-мүлкін қайтаруды талап етті. Бастапқыда сот ажырасып кеткен ерлі-зайыптыны татуластыруға тырысты. Екеуі ымыраға келмеді. Осыдан кейін азаматтық іс жалпы тәртіппен қарауға жіберілді. Сот отырысы кезінде арыз түсірген әйелдің бұрынғы күйеуі қарсы шағым түсіріп, қалынмалды қайтаруға талап қойды. Судья Шаяхметова екі жақты да қанағаттандыратын шешім шығаруға тырысты. Сот әйелге тиесілі мүлікті заттай қайтаруды міндеттеді. Ал ер адам талап еткен қалыңмалдың сомасы ішінара қайтарылды. Мамандардың айтуынша, мұндай іс сотта сирек кездеседі. Сот үкімі заңды күшіне енді.