Олимпиада чемпионының медальдарын ұрлап кетті
Олимпиада чемпионының медальдарын ұрлап кетті
Фото: cgtnrussian
270
оқылды
Рио Олимпиадасының жеңімпазы және Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, ресейлік теннисші Елена Веснинаның Мәскеу маңындағы үйі тоналды, – деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. Ұрылар оның үйіндегі сейфті бұзып, қымбат бұйымдар мен Олимпиада медальдарын алып кеткен.
«Мен күйеуіммен бірге кешкі ас ішіп үйге келгенмін, Олимпиададан жеңіп алған алтын және күміс медальдарымды және сейфті бұзып, қымбат бұйымдарымды алып кетіпті», – дейді теннисші.
Спортшының сөзінше, тонаушылар үйдің есігін бұзып кірген. Ал ерлі-зайыпты үйден шығарда дабыл белгісін қосуды ұмытып кеткен. Ұрланған заттардың құны әзірге есептелген жоқ. Спортшы үйінің тоналғаны туралы полицияға шағым түсірген. Ол құқық қорғаушылардың үйді тексергенін атап өтті. Мәскеу маңы полициясының қызметкерлері тонау әрекеті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын растаған.