Моншада лаңкестікті насихаттағандар сотталды
Моншада лаңкестікті насихаттағандар сотталды
Фото: Интернеттен алынды
5,425
оқылды
Дереккөздің айтуынша, жат ағымның жетегіндегі үш ақтөбелік азамат лаңкестікті насихаттағын үшін 7 жыл түрмеде отырады. Жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай отырып, жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Айыпталардың үлкені 47 жастағы Бағдат Бисенбаев пен жанына ерткен 27 жастағы серігі Әділжан Дәулетов сот басталған бойда кінәларын мойындаған еді. Ал үшінші сотталушы Ерсайын Құлымтай адвокатымен ұзақ кеңесуден соң ғана заңсыздыққа барғанын айтып берді. Үшеуі насихат айтуға қолайлы жер ретінде моншаны таңдаған. Буға түсіп, жуынуға келгендерді радикалдық ойларымен елітпек болған. Тіпті лаңкестікке шақырған. Бұлардың қауіпті ойын сонда барғандардың бірі таспаға түсіріп, құзырлы органдарға хабарлаған. Сотталушының үшеуі де жұмыссыз. Үкімді тыңдауға олардың бірінің келіншегінен басқа ешкім келген жоқ. Жеті жылға кесілген жазаға да сотталушылар келісіп отыр