Екібастұзда мектеп оқушысы мас күйінде ұсталды
Екібастұзда мектеп оқушысы мас күйінде ұсталды
Фото: dknews.kz
407
оқылды

Полицейлер спирттік ішімдік ішкен мектеп оқушысын ұстады.

13 қыркүйек күні сағат 23.00-ден кейін Екібастұзда ювеналды полицейлер аулада мас күйде отырған 16 жастағы мектеп оқушысын ұстады. Тексеруден соң сабақтан кейін оқушы досына барып, алкогольдік сусын ішкені анықталды. Мектеп оқушысының тәртібі 14 қыркүйекте кеңесте қаралды.

«Рейд нәтижесінде, тәртіп сақшылары полицияға 143 кәмелетке толмаған баланы жеткізді, оның 102-сі түнгі уақытта ұсталды. Өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 12 кәмелетке толмаған бала, өзге де мемлекеттік балалар мекемелеріне 10 бала орналастырылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сонымен қатар тұрғылықты жері бойынша полицейлер есепте тұрған 144 кәмелетке толмаған баланы және 281 отбасын тексерді.