Өртенген аумақтың жалпы аумағы 3,5 гектарды құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Тілсіз жау саяжайлар тұтастай отқа оранған. Өрт өзенге қарай кетті. Өрт қаланың телемұнарасы жағынан басталып, желмен саяжайларға қарай шарпыды. Өкінішке орай бұл кезде өрт сөндірушілер Первомайка және Қырыққұдық ауылының маңындағы дала өртін сөндірумен айналысып жатқан. Өрттің аумағы анықталған соң барлық өрт сөндірушілер осында жиналды. Алайда қатты желдің салдарынан өртті сөндіру іс жүзінде мүмкін болмады», - дейді step.news инстаграм паблигінде.Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 34 өрт сөндірушісі мен 4 техникасы, сондай-ақ, «ЕПК», «Қазақалтын» акционерлік қоғамдарының, «Мани» және Степногорск су арнасының қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылған.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы